28 сәуірден бастап Талдықорғаннан Алматыға қатынайтын көліктер үшін қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Dala News.
Енді жүргізушілер Мұқыры ауылы арқылы жүреді. Бұл шешім жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Қазіргі уақытта Алматы – Өскемен автожолының 213–234 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жол жабыны толық жаңартылып, тау беткейлері тегістеліп жатыр. Сонымен қатар су өткізу құбырлары орнатылады.
Аталған учаскедегі жөндеу жұмыстары күзге дейін жалғасады деп жоспарланған.
Сондай-ақ Талдықорған қаласынан Алматы облысының шекарасына дейінгі бағытта тағы үш учаскеде орта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
