Қарағанды облысында әкімдік құны 1 млн теңгеден асатын iPhone сатып алған

Көркем Алдабергенова 28 сәу. 2026 15:37

Қарағанды облысындағы әкімдік мемлекеттік сатып алу арқылы бағасы 1 миллион теңгеден асатын Apple iPhone 16 Pro Max телефонын сатып алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасына сәйкес, тапсырыс беруші – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі.

Сатып алу атауы – ұялы байланыс телефоны. Қосымша сипаттамада Apple iPhone 16 Pro Max смартфоны көрсетілген. Бір дана тауардың бағасы 1 070 689,66 теңге болып белгіленген. Лот мәртебесінде сатып алу өткендігі жазылған.

Өтінім қабылдау 10 сәуір мен 14 сәуір аралығында жүргізілген. Байқау жеңімпазы болып жеке кәсіпкер Төлегенов танылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove