Түркістан облысында ер адам 8 жастағы немересін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеп.
Отырар ауданында ер адамға ауыр айып тағылып отыр. Күдікті баланың нағашы атасы екені айтылды.
Баланың анасы полицияға арыз жазған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Істің ақ-қарасы сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.
Полицияның мәліметінше, әзірге заңсыз әрекет белгілері мен дене жарақаттары анықталмаған. Соған қарамастан тергеу жалғасып жатыр.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 8 жастағы бала арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеген. Қазір оған психологтар көмектесіп жатыр.