Қазақстан мұнайы Еуропаға баламалы бағыттар арқылы жөнелтіледі, деп хабарлайды Dala News.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 260 мың тонна мұнай жаңа маршруттармен тасымалданады. Оның ішінде 100 мың тоннасы Усть-Луга портына, ал 160 мың тоннасы Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы жеткізіледі.
Ведомство өкілдері тасымалдау бағытының өзгеруі жылдық мұнай өндіру жоспарына әсер етпейтінін атап өтті.
