Шымкентке де LRT қажет - Көлік министрлігі

Көркем Алдабергенова 28 сәу. 2026 16:16

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Шымкент қаласында LRT салу қажет деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, мұндай шешім мемлекеттік органдар мен тұрғындардың кең талқылауынан кейін қабылдануы тиіс.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ол мұндай жобалар жан-жақты зерттеуді қажет ететінін жеткізді.

«Мұндай жобалар жан-жақты зерделеуді талап етеді. Бір ғана орган өз бетінше шешім қабылдамайды. Оның белгілі талаптары бар: қозғалыс қарқындылығы, халық саны, инфрақұрылым. Менің ойымша, Шымкентте мұндай жоба қажет», – деді вице-министр.

Мақсат Қалиақпаров осыған ұқсас көлік жүйелерін дамыту мәселесі басқа қалаларда да қарастырылып жатқанын айтты. Оның ішінде Алматы қаласы да бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove