Медициналық сақтандыру жүйесіне сенім жоқ - Депутат

Самал Асқар 29 сәу. 2026 14:55

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) жұмысын да сынға алды, деп хабарлайды Dala News.

Оның айтуынша, азаматтар жүйеге тұрақты түрде жарна төлегенімен, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу қиын болып отыр.

«МӘМС-ке қанша ақша түсіп жатыр – білмейміз. Ол қаражат қалай жұмсалып жатыр – тағы түсініксіз. Жарна төлейміз, бірақ емделе алмаймыз. Кейде бірнеше күн емес, апталап кезек күтеміз», – деді депутат.

Ол сондай-ақ жүйеде көптеген реформалар мен нормалардың толық іске аспай отырғанын атап өтті.

«Жаңа бағдарламалар қабылданбай жатыр, қажетті нормалар енгізілмей отыр. Соның салдарынан жүйе толық жұмыс істемейді. Адамдар ақша төлегенімен, нақты нәтиже көрмей отыр», – деді Нартай Аралбай.

Депутаттың пікірінше, МӘМС жүйесінде ашықтықты күшейтіп, қаражаттың қозғалысын нақты бақылауға алу қажет. Бұл азаматтардың сенімін қалпына келтірудің негізгі шарты болмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove