Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Юрий Ушаковтың айтуынша, әңгіме Ресей тарапының бастамасымен өтіп, бір жарым сағаттан аса уақытқа созылған. Тараптар ашық әрі іскерлік форматта сөйлескен.
Сондай-ақ, Путин Трампқа жасалған қастандыққа байланысты қолдау білдіріп, бұл қылмысты қатаң айыптаған.
Келіссөз барысында Иран төңірегіндегі жағдай мен Украинадағы ахуал да талқыланған.
Путин Трампқа Жеңіс күніне орай уақытша бітім жариялауға дайын екенін жеткізген. Өз кезегінде АҚШ президенті бұл бастаманы қолдаған.
