Қамшыбек Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2026 09:13

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған екі бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов Kaktus.media редакциясына хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.

Қорғаушының мәліметінше, Ташиев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 326-бабы - билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер бойынша күдікке ілінген.

Бұдан бөлек, оған 337-бап - қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегі бойынша да айып тағылып отыр. Аталған баптың 2 және 4-бөліктері қамтылған. Яғни, жеке немесе өзге тұлғалардың мүддесі үшін пайда табу мақсатында, сондай-ақ жауапты қызмет атқаратын лауазымды тұлға тарапынан жасалған әрекеттер сөз болып отыр.

Қазіргі таңда Ташиевке қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы азамат өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove