28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Самал Асқар 28 сәу. 2026 07:23

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді:

•⁠ ⁠Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +15+20°С.
•⁠ ⁠Солтүстік және орталық аймақтарда көбіне жауын-шашынсыз, бірақ кей жерлерде өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз +21+30°С.
•⁠ ⁠Шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Күндіз +19+27°С.
•⁠ ⁠Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн жылы болады: +22+34°С, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, кей өңірлерде тұман түседі. Синоптиктер ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove