Гала-кештегі атыс: күдіктіге Трампқа қастандық жасауға оқталу айыбы тағылды

Сағыныш Сардарова 28 сәу. 2026 09:19

Гала-кештегі атысқа қатысты күдіктіге АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасауға оқталу айыбы тағылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

31 жастағы Коул Томас Аллен дүйсенбі күні алғаш рет федералдық сот алдына шықты. Оған қарудың заңсыз айналымына байланысты да айып тағылып отыр.

Айта кетейік, оқиғаны жасаған адам - Калифорния штатының тұрғыны, 31 жастағы Коул Аллен. Ол Торранс қаласында мұғалім болып жұмыс істеген. Ашық дерекке қарағанда, Коул Аллен 2017 жылы Калифорния технологиялық институтын машина жасау мамандығы бойынша тәмамдап, кейін компьютерлік ғылымдар бағытында магистр дәрежесін алған.

Күдікті сенбі күні кешке Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде өткен Ақ үй тілшілерінің кешіне кіреберісте ұсталды. Іс-шараға Дональд Трамп, бірінші ханым Мелания Трамп және вице-президент Джей Ди Вэнс қатысқан.

Дональд Трамптың айтуынша, оқиға кезінде қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері жараланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove