Қажылық маусымы: жаңа талаптар енгізілді

Самал Асқар 20 сәу. 2026 19:19

Қажылық маусымына байланысты Сауд Арабиясы Мекке қаласына кіруге бірқатар шектеу енгізді, деп хабарлайды Dala News.

Мекке өңіріндегі Сыртқы істер министрлігінің филиалының мәліметінше, бұл шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және діни рәсімдерді тәртіппен өткізу үшін қабылданған.

Жаңа талаптарға сәйкес, 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Nusuk» платформасы арқылы умра жасауға рұқсат беру уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар 18 сәуірден бастап Мекке қаласына кіру және онда болу барлық визалар үшін шектеледі. Ерекшелік тек арнайы қажылық визасы бар азаматтарға ғана қатысты.

Билік өкілдері бұл талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Құзырлы органдар барлық азаматтарды, соның ішінде шетелдіктерді де, белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove