“Айыппұл салынбайды”. Шағын бизнеске уақытша жеңілдік берілді

Қаракөз Амантай 15 сәу. 2026 09:06

Қазақстанда шағын кәсіп иелеріне 2026 жылдың соңына дейін салыққа қатысты кейбір заңбұзушылықтар үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сондай-ақ кәсіпкерлер ҚҚС бойынша есепке кеш тіркелсе де, жауапкершілікке тартылмайды.

Бірақ бұл жеңілдік барлық салық түріне қатысты емес. Импортталған акцизді тауарлар, қосылған құн салығы және төлем көзінен ұсталатын салықтар бойынша міндеттемелер өзгеріссіз қалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove