Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде Норвегияны басып озды

Көркем Алдабергенова 15 сәу. 2026 17:17

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде Норвегияны басып озды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық одаққа шикі мұнай жеткізетін ірі елдер арасында екінші орынға шықты.

ЕО кеңесінің деректеріне сәйкес, Қазақстан Еуропаға 55,8 млн тонна мұнай экспорттаған. Бұл көрсеткіш Норвегиядан 100 мың тоннаға артық. Нәтижесінде Норвегия үшінші орынға түсті.

Ал бірінші орынды АҚШ сақтап отыр – 63,5 млн тонна.

Қазақстанның үлесіне Еуропалық одақ импорттаған мұнайдың 12 пайызы тиесілі болды. Жалпы 2025 жылы Еуропалық одақ шамамен 435 млн тонна мұнайды 212 млрд еуродан астам сомаға сатып алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove