Қазақстанда саяси партияларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру кейінгі бес жылда айтарлықтай артқан. Республикалық бюджет деректеріне сәйкес, 2022 жылы бұл мақсатқа 8,4 млрд теңге бөлінсе, 2026 жылы көрсеткіш 17,7 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Protenge телеграм арнасы аралық кезеңдегі өсімге шолу жасады:
2023 жылы – 11,8 млрд теңге,
2024 жылы – 15,2 млрд теңге,
2025 жылы – 15,2 млрд теңге,
2026 жылы – 17,7 млрд теңге.
Осылайша, бес жыл ішінде партияларды қаржыландыру көлемі екі еседен астам көбейіп отыр.
