Шығыс Қазақстан облысында ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жарияланған видеоматериалдарға психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіліп, онда ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар екені расталған.
Полицияның дерегіне сәйкес, құқық қорғау органдарына TikTok желісіндегі қолданушыға қатысты шағыммен өңір тұрғыны жүгінген. Ол тікелей эфир барысында ұлттық белгі бойынша қорлайтын сөздер айтылғанын көрсеткен.
Ақпаратта 35 жастағы ер адамның бірнеше аккаунт арқылы «батл» форматында тікелей эфирлер өткізгені айтылды. Болжам бойынша, ол мас күйінде балағат сөздер айтып, ар-намысты қорлайтын пікірлер білдірген.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
