Прокуратура Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көлемі 4,2 гектар болатын жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілген.
"Жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерге жатады. Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.
Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден асатын даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
