Қарағанды облысында үстіне кірпіш құлаған бала жасанды комаға түсті. Дәрігерлер оның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, сәби сол сәтте әкесімен бірге серуендеп жүрген. Ер адам баласын дер кезінде тартып қалып, екінші соққыдан қорғап қалған. Соған қарамастан, бала көп қан жоғалтқан.
Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ғимарат төрт жыл бұрын жөндеуден өткен. Алайда 2024 жылы алғашқы ақаулар анықталған. Мердігер кемшіліктерді түзетуге уәде бергенімен, келмеген. Кейін оның банкротқа ұшырағаны белгілі болған. Қазір оны полиция іздестіріп жатыр.
Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, бұған дейін Бұқар жырау ауданына қарасты Ульяновка кентінде Мәдениет үйінің шатырынан қаптама кірпіш құлап, үш жасар бала жарақат алғанын жаздық.
