Сотталғандардан пара алып, букмекерлік кеңсеге тіккен: Павлодарда түрме қызметкерінің өзі сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 15 сәу. 2026 13:10

Павлодарда пара алған түзеу мекемесінің қызметкері сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ойынға тәуелділігі бар түзеу мекемесінің қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы, яғни пара алу дерегі бойынша сотталған.

Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, сотталғандар жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы оң шешім шығару, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына қайшы келетін ұялы телефон алып өту үшін лауазымды тұлғаға заңсыз ақша аударғаны анықталған.

"Заңсыз алынған қаражатты түзеу мекемесінің қызметкері букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған. Сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ, әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove